17 Ақпан, 2017

ШҚО әкімі облыстық мешітке автокөлік сыйлады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биылғы жылдың қаңтар айында аймақ басшысы Өскемендегі облыстық мешіттің жұмысымен танысқан кезінде бас имам Ермек қажы Мұқатай аудандарды аралау үшін автокөлік қажет болып отырғандығын жеткізген еді. Даниал Ахметов бұл мәселені бюджеттік емес қаржы көздерін тарта отырып шешуге қолдау көрсететінін айтқан-ды сол кездесуде. Бүгін облыс әкімі "Халифа Алтай" мешітіне арнайы барып, «Toyota Camry» автокөлігін табыстады. Д.Ахметов көлікті алуға қолдау көрсеткен «Өскемен құрылыс» компаниясының директоры Ержан Ысқақовқа алғысын білдірді. Биылғы көктемде мешіт ғимаратының астында орналасқан көлік тұрағына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мешіт жанынан 50-60 орындық медресенің құрылысы басталатын болады. Азамат ҚАСЫМ, «Егемен Қазақстан»